2026 жылы 12 ақпан күні «Цифрлық ресурстар – білім алушыларды оқу мен тәрбие және жобалық іс-әрекеттерге тартудың тиімді құралы» тақырыбында облыстық семинар өтті. » «Көкпекті жалпы білім беретін мектебі»
Қарағанды облысы білім басқармасының
Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің
«Көкпекті жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 557-47-50
Есепші бөлімі:
+7(775) 557-47-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2026 жылы 12 ақпан күні «Цифрлық ресурстар – білім алушыларды оқу мен тәрбие және жобалық іс-әрекеттерге тартудың тиімді құралы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
12
ақпан
2026

2026 жылы 12 ақпан күні «Цифрлық ресурстар – білім алушыларды оқу мен тәрбие және жобалық іс-әрекеттерге тартудың тиімді құралы» тақырыбында облыстық семинар өтті.


2026 жылы 12 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Көкпекті жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Цифрлық ресурстар – білім алушыларды оқу мен тәрбие және жобалық іс-әрекеттерге тартудың тиімді құралы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығынының ғылым бөлімінің меңгерушісі Суртубаева Диана Алматовна мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығынының ғылым бөлімінің әдіскері Контаев Сабит Сеитович және Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бақтықыз Тұрсынбекқызы Төртбаева, Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің әдіскері Шахан Еламан, Қарағанды облысының білім беру ұйымдарынан педагогтер қатысты. 
Семинар жұмысы жоспарға сай ұйымдастырылып, үш негізгі блок бойынша өтті: «Академиялық белсенділік» бөлімінде бастауыш, негізгі және орта буын сыныптарында ашық сабақтар өткізілді. Сабақтарда:
•    цифрлық платформалар,•    интерактивті тапсырмалар,•    визуалды материалдар,•    зерттеу және ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер тиімді қолданылды. «Цифрлық зертхана» бөлімінде оқушылардың жобалық жұмыстары таныстырылып, «Агросынып: ауыл шаруашылығына қадам» жобасы ұсынылды. Жобада:
•    цифрлық құралдарды қолдану,•    зерттеу жүргізу,•    экологиялық және кәсіптік бағдар беру бағыттары айқын көрініс тапты.Сонымен қатар STEM-зертханасының мүмкіндіктері көрсетіліп, заманауи құрал-жабдықтарды оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары тәжірибе жүзінде таныстырылды. 
Семинар барысында Көкпекті жалпы білім беретін мектебінің педагогтері оқу процесінде, Wordwall, Topig, Tarsia, Google Gemini, Educaplay, Shyrag AI, Mentimeter және т. б. сияқты сабақтан тыс және жобалық қызметте заманауи цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың тиімді тәжірибелерімен бөлісті.  
Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар үшін пайдалы тәжірибе алмасу алаңына айналды











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив