Кәмелетке толмағандар арасында кибербуллингтің алдын алу бойынша
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг — бұл адамға интернет, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, электрондық пошта сияқты цифрлық технологиялар арқылы қысым көрсету, қорқыту, тіл тигізу немесе қорлау түріндегі психологиялық зорлық-зомбылық. Кибербуллингтің негізгі түрлері: Әлеуметтік желілерде тіл тигізу және қорлау (мысалы, жағымсыз пікірлер, келемеж, мазақ ету); Адам туралы жалған ақпарат немесе өсек тарату; Рұқсатсыз жеке суреттер мен видеоларды жариялау; Жеке хабарламалар арқылы қорқыту;