15
мамыр
2025
Кәмелетке толмағандар арасында кибербуллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар
Кибербуллинг дегеніміз не?
Кибербуллинг — бұл адамға интернет, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, электрондық пошта сияқты цифрлық технологиялар арқылы қысым көрсету, қорқыту, тіл тигізу немесе қорлау түріндегі психологиялық зорлық-зомбылық.

Кибербуллингтің негізгі түрлері:
- Әлеуметтік желілерде тіл тигізу және қорлау (мысалы, жағымсыз пікірлер, келемеж, мазақ ету);
- Адам туралы жалған ақпарат немесе өсек тарату;
- Рұқсатсыз жеке суреттер мен видеоларды жариялау;
- Жеке хабарламалар арқылы қорқыту;
- Онлайн топтардан немесе ойындардан әдейі шығарып тастау;
- Жалған аккаунттар ашып, мазақ ету немесе зиян келтіру.
Ерекшеліктері:
- Анонимді түрде жүзеге асуы мүмкін;
- Жылдам және кең көлемде таралады;
- Жәбірленушіге күшті күйзеліс, үрей, депрессия тудырып, өзіне қол жұмсау ойына дейін итермелеуі мүмкін.