22
мамыр
2025
Нашақорлықтың алдын алу
Нашақорлық дегеніміз не?
Нашақорлық — бұл адамның есірткі заттарына психикалық және физикалық тәуелділігімен сипатталатын созылмалы ауру. Адам есірткіге әбден тәуелді болып, оның зиянына қарамастан қолдануды жалғастырады.






Нашақорлық — бұл адамның есірткі заттарына психикалық және физикалық тәуелділігімен сипатталатын созылмалы ауру. Адам есірткіге әбден тәуелді болып, оның зиянына қарамастан қолдануды жалғастырады.
Нашақорлықтың негізгі белгілері:
- Есірткіні қабылдауға деген тұрақты құмарлық;
- Уақыт өте келе дозаны ұлғайту қажеттілігі (толеранттылық);
- Қабылдауды бақылаудың жоғалуы;
- Есірткіні тастау кезінде «ломка» (абстиненциялық синдром);
- Мінез-құлық, көңіл-күй және сырт келбеттің өзгеруі;
- Әлеуметтік ортадан оқшаулану, оқу мен жұмыстағы қиындықтар.
Нашақорлықтың салдары:
- Физикалық және психикалық денсаулықтың бұзылуы;
- Ішкі органдардың зақымдануы (бауыр, жүрек, ми);
- Суицидтік ойлар, психоз, агрессия;
- Құқық бұзушылықтар мен қылмыстық істерге тартылу;
- Өлімге әкелуі мүмкін (артық доза, жұқпалы аурулар және т.б.).





